Accessibility links

Кондолиза Райс бүгін Тонни Блейермен кездеспек


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бүгін Лондонда бас министр Тонни Блейер және сыртқы істер министрі Джек Стромен кездеспек. Күн тәртібінде – Иран ядролық бағдарламасының мәселесі. АҚШ үкіметі Иран құпия түрде ядролық қару жасап жатыр дейді, Иран мұны жоққа шығарып келеді. Вашингтон Иран ядролық қарумен байланысты қызметін тоқтатпаса мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шығару қажет дейді. Осы мәселені Кондолиза Райс кеше Мәскеуде Ресей басшыларымен талқылады, бірақ Ресей тарапынан қолдау тапқан жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG