Accessibility links

Құс тұмауының кезегі Қазақстаннан Еуропаға жетті


Еуропа Одағының денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Маркос Киприаноу Түркия мен Румынияда шыққан құс тумануына Аш 5 Эн 1 вирусы себепші болғаны анықталды деді. Осы вирусты жұқтырған құстардан Азияда 60 шақты адам өлген. БҰҰ үйлестірушісі Девид Набарро құс тұмауының Азиядан Еуропаға келгені вирус өзгеріп, адамнан адамға жұға алатын қабілетке жетуі мүмкін екенін көрсетеді деді. Құс миграциясының жолында жатқан Иранда мыңдаған жабайы үйрек жұмбақ аурудан өлгені хабарланды. Бірақ Иран ресми өкілі үйректердің ажалы құс тұмауынан болған жоқ деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG