Accessibility links

Михаил Саакашвили президенттікке екінші рет өткісі келетінін тұңғыш жариялады


Грузия президенті Михаил Саакашвили ел астанасы Тбилиси сепаратистік Абхазия республикасымен бірнеше жылдың ішінде жаңа күретамыр жолмен байланады деп мәлімдеме жасады. Жол құрылысшыларының жиналысында сөйлеген Михаил Саакашвили арманым 2009 жылға дейін орындалмас, мақсат президенттігімнің екінші мерзімінде іске асар деп айтты. "Кавказ-пресс" ақпарат агенттігі Михаил Саакашвили президенттік бесжылдық мерзімге екінші рет өткісі келетінін тұңғыш рет жариялады деп атап отыр. Демократиялық революция толқынында 2003 жылы сайланған Михаил Саакашвилидің қазіргі өкілеттігі 2009 жылы аяқталады.
XS
SM
MD
LG