Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі қалай шешілмек?


ЛОНДОН. Бүгін Лондонда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Британия премьер-министрі Тони Блэр және Сыртқы істер министрі Джэк Строумен кездеседі. Кездесу барысында, Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі талқыланады. АҚШ-ы Иран жасырын түрде ядролық қару-жарақ жасамақшы деп айыптап келеді, бірақ ресми Теһран мұны жоққа шығаруда. Кеше Мәскеуде Райс ханым Ресейді Иранның ядролық мәселесіне байланысты қаттырақ саясат ұстануға көндіріп көрмекші болды, бірақ ресми Мәскеу бұл мәселе Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің шеңберінде шешілуге тиіс дегенді айтты. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесуінен кейін Райс ханым бұл мәселеге орай екі жақ қарама-қайшы позиция ұстанып отыр деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG