Accessibility links

Британия медицина саласының ресми басшысы құс тұмауынан елде 50 мыңдай адамның қаза болуы мүмкін, дегенді айтып отыр


Сер Лиам Дональдсонның айтуынша қыс кезінде болатын бұл тұмаудан, шашамен 12 мыңдай адам қаза болуы мүмкін екен. Елдегі бұл індетке қарсы күресте екпе жұмыстарының өзі аса жемісті бола қоймайтын сияқты. Дәрігердің бұл ескертуі жексенбі күні, Румынияда анықталған құс тұмауы жағдайынан кейін жасалған болатын. Румыниядағы құстардан табылған індет түрі Азия елдерінде болған індет белгілерімен бірдей екен. Румынияның екі ауылынан 20 мыңдай құс жиналып, өлтірілген. Мұндай жағдайдың Түркияда да бар екендігі жұма күні белгілі болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG