Accessibility links

Сенбі күнгі референдумға қатысқан ирақтықтар саны, қаңтардағы Парламенттік сайлаулармен салыстырғанда, көбірек болды


Бұл жөнінде АҚШ елбасы Джордж Буш мәлімдеді. Осы үдерістің сәтті өтуімен ол ирақтықтарды құттықтады. Буш мырза сондай-ақ қаңтар сайлауларымен салыстырғанда, референдумға белсенді түрде қатысқан сүнні мұсылмандарының қадамын да қызу қуаттады. Ресми өкілдердің айтуынша, бастапқы санақ бойынша, бұл референдумға қатысқан сайлаушылар саны 61 пайызды құраған. Сол бастапқы санқатарға қарағанда Ата заң жобасы жалпы алғанда, қабылданатын сыңайлы. Соның өзінде елде күш қолданулар жалғасуы мүмкін, дейді Мемлекеттік хатшы Кондолеза Райс. Референдум өткен күні Рамадиде, жол шетіндегі бомбалық жарылыстан АҚШ-тың 6 солдаты қаза болған.
XS
SM
MD
LG