Accessibility links

Нальчик қаласындағы шабуылды чешен лидерлерінің бірі Ш.Басаев өз жауапкершілігіне алды.


НАЛЬЧИК: Чешен сепаратистерінің Интернеттегі сайтында бүгін берілген мәлімдемесінде атышулы дала қолбасшысы Ш.Басаев Қабарды-Балқарияның астанасы – Нальчик қаласына өткен бейсенбі күні жасалған шабуылға өзінің бұйрық бергенін растады. Ш.Басаевтың хабарлауынша, ол шабуылдың барысында “Кавказ майданы” тобының 217 жасағы Нальчиктегі 15 “әскери нысанға” бас салып, қауіпсіздік күштерінің 140-тай өкілін оққа ұшырған және 41 жасақ құрбан болған. Ресей үкіметінің мәлімдеуінше, Нальчиктегі 2 күнге созылған қақтығыс барысында 92 ислам экстремисі, 33 армия жауынгері және 12 бейбіт тұрғын қаза болды. Интернеттегі мәлімдеменің Ш.Басаевқа жататынын дәлелдеудің мүмкіндігі бомай тұр.
XS
SM
MD
LG