Accessibility links

Бастапқы есеп бойынша, сенбі күнгі референдумда Ирақ конституциясы қабылданған тәрізді.


БАҒДАД: Кеше Ирақтың батысында 70-ке жуық партизанның көзі жойылды. АҚШ-тың соғыс ұшақтары мен тікұшақтары сүннит көтерілісшілерінің ордасы болып табылдатын Рамади қаласының маңындағы 2 ауылын бомбалады. АҚШ әскерилері қаза болғандардың барлығы партизандар деп мәлімдеп отырса, куәгерлер олардың арасында бейбіт тұрғындар да бар деп нұсқады. Бұл әуе соққысы – сенбі күні әлгі 2 ауылдың біріндегі мина жарылысынан 5 АҚШ жауынгері қаза болған соң іске асырылды. 6-ншы АҚШ жауынгері де осыжерде оққа ұшты. Осы күні Ирақта сүнниттер қолдамаған конституция жобасы бойынша референдум өтіп, бастапқы есепке қарағанда, Ата заң мақұлданған тәрізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG