Accessibility links

Брюссель Еуроодақ елдерін “құс тұмауының” эпидмиясына әзір болуға шақырады.


БРЮССЕЛЬ: Еуропа Одағы өзіне мүше 25 елді “құс тұмауынан” емдейтін антивирустық дәрі-дәрмектің жеткілікті қорын жинауға шақырды. Еурокомиссияның өкілі Филипп Тод Еуроодақ дәрі-дәрмектің қазіргі қорына қанағаттанбайды деп атап мәлімдеді: “Еуроодақтың денсаулық саласы бойынша арнаулы өкілі Макос Киприану Еуроодаққа мүше барлық елді дәрі-дәрмектің қорын ұлғайтып, “құс тұмауының” эпидемиясына дайындалуға шақырады”. Ф.Тодтың айтуынша, бірқатар ел Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының антивирустық дәрінің қоры бүкіл халықтың 25 процентіне жетуге тиіс деген нұсқауын орындаған жоқ деп атап көрсетті. Бірақ над қандай елдің орындаймағанын атамады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG