Accessibility links

Әзірбайжан оппозиция басшысын Украйна полициясы ұстады


Ол, Бакуге 10 жылға жуық уақыттан кейін қайтып келе жатқан жолында, Қырым астанасы Симферопольде ұсталған. Бұл қалаға тоқтау Расул Құлиевтің жоспарында әу бастан бар болған, болмағаны әл-әзір белгісіз. Украйна İшкі істер министрі Юри Луценконың айтуынша Құлиев Интерпол бұйрығы бойынша ұсталған. Азаттық радиосына берген сұхбатында Украйна полициясы Құлиев мырзаға байланысты мәселе анықталғаннан кейін босатылатындығын айтты. Дей тұрғанмен ол тұтқындалған жоқ, ұсталды, дейді полиция.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG