Accessibility links

Астанаға Елші Рольф Экеус келді

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ

Дүйсенбі күні Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтмақтастық ұйымының аз ұлттар жөніндегі Жоғарғы комиссары Елші Рольф Экеуспен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстандағы аз ұлт өкілдерінің мәселесі талқыланып, Елші мырза «егер Қазақстан іс-қағаздарын мемлекеттік тілге көшіретін болса, онда аз ұлт өкілдеріне қиын тиуі мүмкін, олардың құқықтары қорғалауға тиіс»,- деген пікірін ортаға салды. Алайда спикер мырза өзінің сөзінде, Қазақстанда қағажу көріп отырған өзінің тілі – қазақ тілі екенін жеткізіп, «Кеңес дәуірі кезінде қазақ тілі жойылып кетуге сәл-ақ қалды, сондықтан Қазақстан мемлекеттік тілді дамытуға мүмкіндік жасап отыр, ал ел Конституцисын Қазақстан әзірге өзгертуге ниет танытып отырған жоқ», - деп түсіндірді.

Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев әр түрлі ұлт өкілдерінің басын біріктіріп отырған Қазақстан халықтар ассамблеясы Кеңес дәуірі құлағаннан кейінгі Қазақстанның өтпелі кезеңінде тұрақтылықты сақтауға, ұлт өкілдерінің тату тұруына үлесін қосты дейді. Сенат төрағасының сөзінше, Қазақстанның тәуелсіздігі осы елде мекендейтін аз ұлт өкілдерінің де өз тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын сақтап, дамытуға септігін тигізді. Бүгінде Қазақстанда 12 тілде хабар тарататын 44 телеканал жұмыс істесе, 7 тілде хабар тарататын 18 радиостанция жұмыс істейді екен.

Сенат төрағасымен кездесуге келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтмақтастық ұйымының аз ұлттар жөніндегі жоғарғы комиссары Елші Рольф Экеус елдегі аз ұлттар арасындағы тұрақтылық пен татулыққа жоғары бағасын бере келіп, Парламентте жұмыс тобы қолға алып отырған «Тілдер жөніндегі» заң жобасына өзінің алаңдаушылығын білдіретіндігін жеткізді. Елшінің сөзінше, Қазақстан мемлекеттік тілді дамыту үшін іс-қағаздарын түгелімен мемлекеттік тілге көшіру жөнінде заң жобасына өзгертулер енгізбекші екен. «Онда мемлекеттік тілді білмейтіндердің тағдыры қалай болады? Олар өздерінің құқықтарын қорғай алмай қалмай ма?», - деген пікірін жеткізді.

Елшінің бұл алаңдаушылығына Парламент Сенатының төрағасы Қазақстанда өзінің тілі - қазақ тілінің әлі дамымай келе жатқандығын сөз етті. Нұртай Әбіқаев сөзінде, кеңес дәуірі кезінде өзінің де орыс тілінде білім алғанын айтып, ол кезде қазақ пен қазақ өзіміздің ана тілімізде сөйлесуге қорқушы едік деді. «Егер Кеңес заманы Қазақстанды тағы да 10 жыл билейтін болса, онда қазақ тілі мүлдем жойылып кетуші еді. Ал қазір іс-қағаздарды түгелімен мемлекеттік тілге көшіру жөні, қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілде туралы заң жобасына өзгерутелр енгізу мәселесі бұл әзірге тек қоғам арасында пікірталас туғызып отыр. Ал Қазақстан Конституциясын әзірге ешкім өзгертейін деп отырған жоқ. Онда жазылған қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ресми тіл. Орыс тіл мемлекеттік тілмен тең дәрежеде қолданылады деген сөздер Қазақстаннан басқа ешбір мемлекеттің Конституцияында жазылған емес», - деген пікірін білдірді сенат төрағасы Нұртай Әбіқаев.

Ал Қазақстан халықтары ассамблеясының мүшесі, Мәжіліс депутаты, татар ұлтының өкілі Мұрат Кәрімов Кеңес Одағы кезінде Қазақстанда 3 миллионға жуық татар ұлтының тұрғанын айтады. Кейін тәуелсіздік алған соң татарлардың дені туған елдеріне кеткен. Бүгінде қалғаны 240 мың. Бірақ Мұрат Кәрімов өздерін аборигендерміз деп есептейді. Ол Үкімет басшысынан Астана мен Алматы қаласында татар балаларына арналып, татар гимназиясы ашылса екен деп сұрап отыр. Мұрат Кәрімов татар тілін білген бала қазақ тілінде де еркін сөйлей алады, Үкімет татат балаларына өзінің тілін білуге мүмкіндік жасау арқылы мемлекеттік тілді дамытуға да жағдай жасар еді деп отыр.

Ал белгілі жазушы, неміс ұлтының өкілі Герольд Белгер Қазақстанда іс-қағаздарын түгелімен мемлекеттік тілге көшіру керек дейді. Оның сөзінше, Қазақстандағы аз ұлт өкілдерінің дені мемлекеттік тіл – қазақ тілін жақсы меңгергендер.
XS
SM
MD
LG