Accessibility links

Люксембургте ЕуроОдақ елдері сыртқы істер министрлері кездесіп, Еуропада пайда болған құс тұмауы жөнінде төтенше келіссөздер жүргізуде


Соңғы сәтте хабарланғанындай, Румынияның Дунай атырауы маңайында, Украинамен шекаралас ауданда құс тұмауының тағы бір ошағы анықталған. Жиын кезінде Британия сыртқы істер министрі Джек Стро ауру тарататын вирус жөнінде былай деді:

- Грекия, Румыния, Түркия және Ресейдегі, сондай-ақ, өзге елдердегі құс тұмауына байланысты, ол аурудың адамға өтпеуі жөніндегі шараларды іске асыру жолында үлкен жұмыстар атқарылуда.

Министрдің айтуынша, ЕуроОдақ халықтарды бұл қауіпті дерттің таралмауы жөнінде сендіре білуі қажет. Британиядағы зерттеулер нәтижесіне қарағанда, соңғы тәуліктерде Румыния, Түркия және Грекияда құс тұмауы дерті анықталған. Ал 2003 жылдан бері Азия елдерінде құс тұмауы ауруынан кемінде 60 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG