Accessibility links

Өткен аптада шабуыл жасаған бүлікшілерді ұстау үшін арнайы операциялар жалғасуда


Нальчик. Ресейдің Кабардин-Балқар республикасының ішкі істер министрі олардың көпшілігі Нальчикке шабуыл жасау үшін 2-3 мың доллардан ақша төленген шетелдіктер деп айтқан. 13 қазанда басталған шабуылда 130-дан астам адам мерт болған. "Интерфакс" агенттігі қақтығыстардың алғашқы күнінде жараланған екі адам ауруханада қайтыс болды деп хабарлаған. Бұл аралықта Ресейдің Европа одағындағы өкілі Сергей Ястржембский "Кавказ орталығы" деп аталатын шешен көтерілісшілерінің вебсайты орналасқан Швеция билік өкілдерімен кездескен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG