Accessibility links

Қырғызстанның қауіпсіздік күштері Молдаванка түрмесіндегі жағдайды толық өз бақылауларына қайта алды


Бішкек. Түрмедегі қақтығыста кемінде үш адам қаза тапқан болатын. Мерт болғандардың біреуі - түрмедегі көтерілісшілермен келіссөзге барғанда кепілдікке алынған парламент депутаты Тынычбек Ахматбаев еді. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев 31 колониядағы тұтқындардың толқуларының себеп-салдарларын тергеп-тексеріп анықтауға бұйрық берді. Қырғызстанның түрмелер әкімшілігінің басшысы Ихматулла Полотов ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
XS
SM
MD
LG