Accessibility links

Қырғызстан парламенті бүгін төтенше мәжіліске жиналып, бейсенбі күні абақтыда болған көтеріліс және депутат Тынышбек Ақматбаевтің қасақана өліміне байланысты мәселені талқылады


Парламент төрағасының орынбасары Шерниязовтың айтуынша, Ақматбаев қылмысты топтардың өзара дауының құрбаны болып отыр. Шерниязов, Ақматбаевтың бауыры белгілі қылмысты топтың мүшесі дейді. Қырғызстан бас министрі Ф.Құлов Ақматбаевтың өлімінде саяси астар жоқ, депутат пен оның кежеуілдері түрмеге қарумен кіріп, заң ережесін бұзған, дейді. Түрме басшыларының талабымен Ақматбаев тапсырған қаруларды тұтқындар ұрлап алған. Ал ол тұтқындардың көтерілісіне абақтыдағы нашар жағдай түрткі болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG