Accessibility links

Мысырдан түскен хабарларға қарағанда, театр ойынына наразылық танытып, шеруге шыққан мыңдаған адам мен полиция арасындағы қақтығыста кемінде үш адам құрбан болған


Александрия. Тоқсандай адам түрлі жарақат алған, олардың 20 шақтысы полиция өкілдері. Ресми билік 50-ден астам адамды қамауға алған. Шерушілер қаладағы Сант- Джордж шіркеуін қоршауға алмақшы болғанда полиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен резіңке тоқпақтар қолданған. Шерушілердің көзқарасында шіркеуде ойнатылған DVD жазбасы Ислам атына кір келтіріп, масқаралайтын мазмұнда көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG