Accessibility links

Иранның діни көсемі АҚШ саясатын сынға алды


Тегеран. Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменей жұма күнгі намаз барысында АҚШ әлемге әмір жүргізгісі келеді, бірақ біздің ел ешқашанда өзінің ядролық бағдарламасы бойынша қысымға көнбейді деді. Ол Техран университетінде сөйлеген сөзінде былай деп атап көрсетті:

- Иран ядролық қару-жарақ жасауға ұмтылуда дейтін АҚШ саясаткерлері өздерінің өтірік айтатындығын біледі және Иранға қарсы қандай да бір айыптаулар жасайтындардың бәрі де жалған айтады.

Хаменей сондай-ақ Вашингтонды Ирақ шиитері мен суниттерінің арасында арандатушылық әрекеттеріне баруда деп айыптады.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG