Accessibility links

Араб елдері лигасының Бас хатшысы Әмір Моусса кеше Ирақтағы сектаралық қақтығыстарды тоқтатуға шақырды


Бағдад. Моусса Ирақта ұлттық диалог өткізу жөніндегі өз ұсынысын қолдайтын Ирақ шииттерінің рухани көсемі Аятолла әл-Систанимен кездескен болатын. Келесі айда Ирақ тұрғысындағы ұлттық конференцияның Каирда өтуін қалайтын Моусса кейінірек Арбилге сапармен барады. Бұл аралықта АҚШ әскерилері американдық екі теңіз жаяу әскері мерт болды деп хабарлады, сөйтіп, Ирақта құрбан болған АҚШ жасақтарының жалпы саны 1994-ке жеткен.

15 қазанда Ирақ Конститутциясы бойынша өткізілген референдумның әлі толық емес қорытындыларына қарағанда, дауыс бергендердің көпшілігі негізгі заң мәтініне қолдау көрсеткендігі байқалады. Дегенмен де сунниттер басым тұратын Салехеддин провинциясында референдумға қатысқандардың 81,5 проценті Конституцияны қолдамаймыз деп жауап берген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG