Accessibility links

Саад Харири қылмыскерлер халықаралық сот арқылы жазалансын дейді


Бейрут. Ливанның бұрынғы бас министрі Рафиқ Хариридің ұлы БҰҰ-ның әкесінің өліміне Сирияның қатысы туралы жариялаған хабарламасын құптап қарсы алды. Рафиқ Харири мен тағы да 20 адам биылғы ақпан айында Бейрутта бомба шабуылында қаза тапқан болатын. Комиссияның есебінде бұл қастандық шабуылына Сирияның да, Ливанның да қатысы бар деп мәлімделген. АҚШ президенті Дж.Буш БҰҰ-н мұндағы айтылған мәселелер бойынша шұғыл түрде мәжіліс өткізуге шақырды. Ал Сирия болса комиссия есебінің астарында саясат жатыр деп мәлімдеп, өздерінің қатыстылығы жөніндегі айыптауды жоққа шығарды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG