Accessibility links

Кеше Қырғыз астанасында бірнеше жүз адам наразылық шеруіне шығып, бас министрдің қызметтен кетуін талап етті


Бішкек. Қырғызстанның премьер-министрі Феликс Кулов қоғамдағы қылмысты элементтер үкіметке талап-шарттар қоя алмайды деп атап көрсетті кеше баспасөз-мәслихатында. 300-дей адам жақында түрмелерде бірнеше адамның өліміне соқтырған оқиғаларды алға тартып, үкіметбасы орнынан кетсін деген талап қойды, оған Кулов былай деп жауап берді:

-Барлық мәселе заңмен шешіледі. Егер бұл рұхсат етілмеген, заңсыз шеру жағдайды тұрақсыздандыратын болса, билік оған тиісті шаралар қолданатын болады.

Қауіпсіздік күштері шерушілердің жетекшілерімен кездесіп, оларды таратуға тырысты, бірақ киіз үйлерде отырған наразылық танытушылар басқа да мәселелерді көтеріп, алған беттерінен қайтатын ниет байқатпады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG