Accessibility links

Ауғанстанның шығысындағы зілзаладан бес адам құрбан болды


КАБУЛ. Ауғанстанның қорғаныс министрлігінің өкілі генерал Мохаммед Захир Азимидің айтуынша, бүгін Ауғанстанның шығысында орын алған зілзаладан 5 адам қаза тапты. Бірақ жерсілкінісі нақты сағат нешіде болғаны белгісіз. Пәкістанның сейсмологиялық орталығының хабарлауынша, бүгін Ауғанстанмен шекарада екі жерсілкінісі тіркелген. Біріншісі рихтер бағаны бойынша 5.2 балға, ал екіншісі 4.9 балға жеткен.
XS
SM
MD
LG