Accessibility links

Қырғызстанда жүздеген адам тағы да наразылық шарасын ұйымдастырды


БІШКЕК. Қырғызстан астанасы Бішкекте бірнеше жүз адам екінші күн наразылық шеруіне шығып, премьер-министр Феликс Куловтың қызметтен кетуін талап етуде. Олар жақында түрмелерде бірнеше адамның өліміне соқтырған оқиғаларды алға тартып, үкіметбасы орнынан кетсін деген талап қойып отыр. Осыған ұксас шара елдің оңтүстігіндегі Ош қаласында да өтті. Президент Құрманбек Бәкиев қоғамдық тәртіп сақталсын деп елдің қауіпсіздік күштеріне бұйрық берді.
XS
SM
MD
LG