Accessibility links

Еуроодақ мамандары жабайы құстардың импортына тыйым салу мүмкіндігін талдамақшы


ЛОНДОН. Ағылшын ғалымдары карантинде болып оңтүстікафрикалық тотықұстың жұма күні “H5N1” деп аталатын “құс тұмауынан” өлгенін мәлімдеді. Осы сейсенбі күні Еуроодақтың мамандары жабайы құстардың импортына тыйым салу мүмкіндігін талқылау үшін Брюссельде бас қосуға тиіс. Мұндай мәселені тотықұстың қазасынан кейін Англия көтеріп отыр. Алайда жабайы құстардың импортына тыйым салынса, контрабандалық жолмен келген құстардың “қара базары” пайда бола ма деген алаңдаушылық бар. Ал осы кезде “құс тұмауынан” өлген аққулар табылған Хорватияда 10 мың үй құсы өлтірілді.
XS
SM
MD
LG