Accessibility links

Ирақта бұрынғы диктатордың сотында ең басты куәгерден жауап алынды


БАҒДАД. Ирақтың бұрынғы президенті С.Хусеин мен оның 7 сыбайласы 1982 жылғы сәтсіз аяқталған қастандықтан кейін Дужайыл ауылының 148 шийт-тұрғынын қырып-жойды деген айып бойынша сотталу үстінде. Олар өздеріне тағылған айыптарды мойындамайды. Ең басты куәгер Уада Ысмайыл Әш-Шайх – ісік ауруынан емделіп жатқан Бағдад госпиталінде кеше сот сауалдарына жауап берді. Ол Дужайыл ауылдындағы қанды қырғын кезінде С.Хусеиннің қауіпсіздік қызметі – Мухбараттың тергеу бөлімін басқарды. Онымен қарама-қатар, кеше көтерілісшілердің Бағдад, Тикрит, Бакуба және т.б. қаласында іске асырған шабуылынан кемінде 20 тұрғын қаза тапты. АҚШ әскері Ирақтың батысында көтеріліске қарсы операциясын жалғастыруда.
XS
SM
MD
LG