Accessibility links

Әзірбайжан үкіметі саяси оппозицияның тағы бір рұқсатсыз митингісін күштеп қуды


БАКУ. Кеше Әзірбайжан полициясы саяси оппозицияның рұқсатсыз өткізген митингісін күштеп қуып таратты. Ресми дерекке сәйкес, бірнеше ондаған адам қамауға алынды. Митингіге қастықандардың мәлімдеулеріне қарағанда, 100-ден астам адам ұсталып, ондаған кісі таяққа жығылды. Оппозициялық “Азадлығ” бірлестігінің өкілдері ресми биліктен 6-ншы қарашдағы парламент сайлауын әділ өткізуді талап еткен наразылық шарасын ұйымдастырмақ болған еді. Бұл Әзірбайжан оппозициясының күштеп таратылған алғашқы митингісі емес. Ресми Баку қала орталығында шеру-митингі өткізуге тыйым салды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG