Accessibility links

Л.Качиньский Д.Тусктен 10 процентке жуық артық дауыспен Польша президенті болып сайланды


ВАРШАВА. Польшадағы президент сайлауының кеше болып өткен екінші турында консервативтік “Құқық және әділдік” партиясының лидері Лех Качиньский жеңіске жетті. Сайлау комиссиясының өкілдері барлық дауыстың 90 проценті есептелген соң, Л.Качиньскийдің өз қарсыласы Дональд Тусктен 10 процентке жуық айырмашылықпен алда келе жатқанын хабарлады. Президент болып сайланған жағдайда, ел экономикасын дамытуға міндеттеме алған Д.Туск үгіт-насихат науқанының соңғы күндерінде есе жіберіп алды. Жұмыссыздық дендеп тұрған Польшада әлеуметтік қамсыздандыру саласын нығайтуға уәде берген Л.Качиньский жеңіске жетті.
XS
SM
MD
LG