Accessibility links

Украинаның “Криворожсталь” зауыты 4 миллиард 800 миллион долларға сатылды


КИЕВ. Бүгін аукционда Украинаның ең ірі болат өндіретін “Крыворожсталь” зауыты Голландияда орналасқан “Миттал” компаниясына 4 миллиард 800 миллион долларға сатылды. Аталған зауытты сатып алу үшін үш фирма өздерінің бағаларын ұсынды. Аукционды президент Виктор Ющенко мен Украина үкіметінің басшылары бақылап тұрды. 2004 жылы “Криворожсталь” зауытын бұрынғы президент Леонид Кучмаға жақын болған бір топ бизнесмендер 800 миллионға сатып алған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG