Accessibility links

Денсаулық саласының өкілдері “құс тұмауы” адамзаттың ішінен пандемия туғыза ма деп алаңдайды


КОПЕНГАГЕН. “Құс тұмауы” жұққан жайттар соңғы кезде Еуропа елдерінде тіркелгенімен де, Азия құрлығы осы дерттің “кіндігі” болып қала береді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп есептейді. Ол жөнінде денсаулық саласы мамандарының Копенгагенде кеше ашылған бас қосуында Дүниежүзілік ұйымның Тынық мұхиты аумағына арналған бағдарламасының директоры Сигеру Оми хабарлады. “Құс тұмауының” Н5N1 вирусы Азия елдерінде 60-тан аса адамның өмірін жалмаған болатын. Мамандар дәл осы вирус өзгеріске ұшырап, адамнан адамға жұғу арқылы эпидемияға емес, пандемияға душар етуі мүмкін деп алаңдайды. Таяуда аталмыш вирус тұмауға шалдыққан құстар тіркелген Англия, Түркия, Румыния, Ресей және Мажарстанда тіркелді.
XS
SM
MD
LG