Accessibility links

“Вильма” дауылы Майамидің халықаралық әуежайын бірнеше күнге істен шығарды


МАЙАМИ. Сағатына 175 шақырымдық жылдамдықпен соққан “Вильма” дауылы АҚШ-тың Флорида штатын зор апатқа ұшыратып, Атлантикаға қайта бет бұрды. Дауылдың салдарынан 4 адам қаза болып, 6 млн-ға жуық халық электр жарығынсыз қалды. Майамидің халықаралық әуежайына айтарлықтай зиян тиіп, әлі бірнеше күн бойы жабық тұрады. Оған дейін “Вильма” дауылы Куба астанасы – Гаванаға соғып, қала жағалауын су астында қалдырды. Кариб теңізі жағалауындағы елдерде кемінде 17 адам құрбан болды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG