Accessibility links

Әзірбайжан оппозициясы жоспарланған шеруін Бакуде өткізбейтін болды


БАКУ. Хабарларға қарағанда, Әзірбайжанның оппозициялық коалициясы осы аптаның соңына жоспарлаған Бакудегі шерулерін өткізбейтін болды. “Тренд” ақпарат агенттігінің хабарлауынша, “Азадлығ” коалициясы Баку қаласының билік орындарынан ол шерудің орнына қарашаның 4-нде концерт өткізуге рұқсат сұрамақшы. Алайда Әзірбайжан оппозициясы бүгіннен бастап елдің басқа аумақтарында наразылық шараларын ұйымдастыратынын хабарлады. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, жексенбі күні Әзірбайжан полициясы Бакуде оппозиция өкілдерінің шеруін күш қолданып таратқан болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG