Accessibility links

Қырғыз депутатының өлімін тергейтін комиссия құрылды


БІШКЕК. Қырғызстанның заңшығарушылары өткен аптада түрмелерде бірнеше адамның өліміне соқтырған оқиғаларды талқылады. Сол оқиғаны тергейтін арнайы комиссия құрылды. Парламентте сөйлеген сөзінде бас прокурор қызметін атқарушы Қамбаралы Қонғантиев елдің ішкі істер министрлігі түрмелердегі тәртіпті қалпына келтіре алмады деді. Ал парламент ғимаратының жанында жиналып отырған наразылық танытушылар премьер-министр Феликс Куловтың қызметтен кетуін талап етуде. Олардың айтуынша, Кулов депутат Тынышбек Ахматбаевтың өліміне жауап беруге тиіс. Алайда парламент төрағасы Омурбек Текебаев премьер-министр мен үкіметті таратуға тек президенттің ғана құқы бар деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG