Accessibility links

АҚШ, Франция және Британия Сирияға қысымдарын көбейтті


АҚШ, Франция және Британия БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қаулы жобасын кіргізіп, Ливанның бұрынғы бас министрі Рафик Хариридің өлтірілуін тергеп жатқан БҰҰ тобымен Сирия толық әріптестікке бармаса шара қабылдансын деп талап қойды. Қаулы жобасында ақпан айында Бейрут қаласында өлтірілген Хариридің өліміне қатысы бар деп күдіктелетін жоғары ресми өкілдерді не жеке азаматтарды Сирия ұстап, оларды БҰҰ тобының тергеуіне жеткізсін делінеді. Әйтпеген жағдайда Сирияға қарсы шаралар қолданылсын, оның ішінде шектеу шаралары қолданылсын делінеді. Сирия елшісі, өз кезегінде, Хариридің қазасына ешқандай қатысымыз жоқ, Сирия құрбандыққа шалынып отыр деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG