Accessibility links

Ирақта қаза тапқан америкалық сарбаздардың саны екі мыңға жетті


АҚШ президенті Джордж Буш Ирақ соғысы барысында құрбан болатындардың саны өсуі ықтимал, соғыс әлі ұзағырақ жалғасады деп мәлімдеді. Вашингтонда сөйлеген сөзінде Буш АҚШ әскерін Ирақтан қайтару керек деген үндеулерді қабылдамаймын деді. Буш Ирақ сайлау комиссиясы конституция жобасы біржолата мақұлданғанын хабарлады, Ирақтағы көтерілісішілерді басуда және 15 қазанда референдумды өткізуде Ирақ жасақтарының қызметі басым болды деп атады. Ирақта қаза тапқан америкалық сарбаздардың саны кеше екі мыңға жетті. АҚШ сенатында осыған қарай бір минут үнсіздік рәсімі жасалды. Америкалық бейбітшілік топтары дұға оқытқызып, бүгін бүкіл елде наразылық шараларын өткізбек.
XS
SM
MD
LG