Accessibility links

Әзірбайжанда саяси айып бойынша тағы екі жоғары қызметкер қамауға алынды


Бакуде ресми жарияланғандай, қамауға ел президенті Ильхам Әлиевтің бұрынғы көмекшісі Акиф Мұрадвердиев және "Әзірхимия" деген ең үлкен химия компаниясының бастығы Фикрет Садықовтар алынды. Олар оппозиция басшысы Расұл Құлиев және басқа ресми өкілдермен сыбайласып, билік төңкерісін жасамақ болды деп айыпталды. Мұндай күдікпен, сол сияқты, бұрынғы қаржы министрі Фикрет Юсуфов, бұрынғы экономика дамуы министрі Фардах Әлиев және бұрынғы денсаулық сақтау министрі Әли Инсатовтар қамалған болатын.
XS
SM
MD
LG