Accessibility links

Қазақстан мен Әзірбайжанда сайлау әділ өтуі мүмкін, бірақ бұған күш салу керек


АҚШ сыртқы істер министрінің көмекшісі Дэниел Фрид Әзірбайжан және Қазақстанда күтіліп отырған сайлауларды әділ және еркін өткізуге мүмкіншілік бар деп мәлімдеді. Бірақ мүмкіншілікті іске асыру үшін бір қатар шараны іске асыру керек деді ол. Екі елде жақында болып қайтқан Дэниел Фрид мәлімдемесін сейсенбі күні "Вашингтон саясатын зерттеу тобының" жиналасында жасады. Дэниел Фрид АҚШ және Еуропа Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказда демократиялық құбылыстарды қорғауға міндетті, және мұны Ресейге қарсы бағытталған шаруа деп қабылдамау керек деді. Қазақстанда президенттік сайлау 4 желтоқсанда өтпек, Әзірбайжанда 6 қарашада парламенттік сайлау өтуге тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG