Accessibility links

Иран мен Израильдің текетіресі күшейді


Иран президенті Махмұд Ақмеденижат Израиль мемлекеті жойылуға тиіс деп мәлімдеген соң Батыс елдерінің басшылары оған мазақ пен сөгіс айтып жатыр. Британия сыртқы істер министрлігі Иран президентінің кеше айтылған сөзін "жеккөрінішті" деп сипаттады. Франция басшылығы Иран елшісін шақырып алып, түсініктеме сұраймыз деді. АҚШ және Канада үкіметтері Ақмеденижаттың сөзі Иранның ядролық қаруға ұмтылысымен қабаттасып отыр деп көрсетті. Израиль бас министрінің орынбасары Шимон Перес Иранды Біріккен Ұлттар Ұйымынан шығарып тастаса жөн деді.
XS
SM
MD
LG