Accessibility links

БҰҰ Пәкістан жерсілкінісінің құрбандарына кемінде 500 миллион доллар көмек беруге шақырды


БҰҰ әлемнің 60 бай мемлекетіне қайырылып, Пәкістан жерсілкінісінің құрбандарына кемінде 500 миллион доллар көмек көрсетуге шақырды. Бұл осы елдердің айтқан уәдесінің сомасынан екі еседей көп. Швейцария астанасы Женевада өткен донорлық конференцияда БҰҰ қазан айында орын алған жерсілкінісінің мыңдаған құрбандарын аман алып қалуға әлем қауымдастығы міндетті деп көрсетті. Апаттан кемінде 54 мың адам қаза тапты, шамамен 75 мың адам жараланды. Аман қалғандарға көмек көрсетілмесе суық пен аштықтан, түрлі жарақаттан бұданда көп адам өлуі мүмкін делінді. Шамамен үш миллион адам баспанасыз қалды. БҰҰ ендігі кезекте Ғаламдық төтенше көмек қорын құрмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG