Accessibility links

Израиль әскері палестиндік көтерілісшілерге шабуыл жасамақ


Израиль қорғаныс министрлігі бес адамды өлтірген жанкештінің шабуылына қарымта ретінде Батыс жағалауда палестиндік жауынгерлерге қарсы шабуыл жасауды бұйырды. Нысанаға "Ислам жихады" тобы алынбақ. Кеше Израильдің Хадера қаласының базарында жасалған шабуылды осы топ жауапкершілігіне алған болатын. Палестина президенті Махмұд Аббас бес адамның өмірін қиған бомбалық шабуылға сөгіс айтты. "Ислам жихады" тобы шабуыл Батыс жағалауда осы аптада өлтірілген өз басшысының ажалы үшін кек деп атады. Израиль және Америка Құрама Штаттары Махмұд Аббасқа қайырылып, көтерілісшілерді көбірек бақылауға алуға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG