Accessibility links

Құрманбек Бақиев бүгін ереуілшілердің өкілдерімен кездеспек


Қырғызстан президенті Құрманбек Бақиев бас министр Феликс Құловтың қызметтен кетуін талап еткен ереуілшілердің өкілдерімен кездеспек бүгін. Бақиев ереуілшілердің талаптары қатал, бірақ олармен кездесуге дайынмын деді. Бас министрдің алынуын талап етіп, шамамен 300 адамның Бишкекте ереуілдеткеніне кеше бес күн болды. Олар Құлов өткен аптада түрме көтерілісінде өлтірілген парламент депутаты Тынычбек Ақматбаевтың өліміне айыпты дейді. Феликс Құлов мұны жоққа шығарады. Құловты қолдап кеше мыңға жуық адам Бишкекте демонстрация өткізді.
XS
SM
MD
LG