Accessibility links

Жармахан Тұяқбайдың мәшинесі Сасықкөлде өртеніп кетті


Қазақстан президенттігіне үміткер Жармахан Тұяқбайдың сайлау штабы осы тұлғаның үгіт басылымдарын тиеген жүк мәшинесі жолда өртеніп кетті деп хабарлады. Күдікті жағдайда орын алған оқиға кеше Үшарал ауданында Сасықкөл маңында болды. Семей-Өскемен бағытында кетіп бара жатқан "Газель" мәшинесінде 700 мың дана түрлі полиграфиялық бұйым тиелген екен. Бірігей оппозициялық кандидат Жармахан Тұяқбайды нәсихаттайтын заттар үгіт науқанында пайдаланылмақ болған. Жармахан Тұяқбайдың сайлау штабы полиция ашық және толық тергеу жүргізсе деп тілек айтты.
XS
SM
MD
LG