Accessibility links

Халықаралық қауымдастық Пәкістанға көмек үшін қосымша 580 миллион доллар бөлетін болды


Женева. Мұндай шешім Женевада донор елдердің кешегі конференциясы барысында қабылданған. Ал БҰҰ-ның қызметкерлері болса, Пәкістандағы қуатты жер сілкінісінен зардап шеккендерге бағытталған қаржының көп бөлігі діттеген жеріне жетпей жатыр деген алаңдаушылықтарын танытты. Пәкістанда қыс түсіп келе жатқан осы бір қысталаң шақта шұғыл көмек-қолдау күткен адамдар саны 11 миллионнан асады. Осы айдың бас кезінде орын алған зілзалада опат болған адамдар 54 мыңнан асады, жарақаттанғандар болса 74 мың, ал үш миллиондай адам баспанасыз қалды.
XS
SM
MD
LG