Accessibility links

Иранда бүгін Израильге қарсы демонстрациялар өткізілмек


Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки ел президентінің сөзін қайталап, Израиль мемлекеті жойылу керек деп мәлімдеді. Иран баспасөзінде жарияланғандай, бүгін осы елде Израильге қарсы демонстрациялар өткізілмек, онда ислам әлемі еврей мемлекетінін заңсыз деп таниды деп көрсетілмек. Иран президенті Махмұд Ақмеденижаттың Израиль әлем картасынан өшірілу керек деген сөзі халықаралық деңгейде сын мен сөгіс туғызды. Еуропа Одағының саммитінде Британия бас министрі Тонни Блейер Иран ядролық қаруға ұмтылысын жалғастырып, қазіргі қимылымен әлем тұрақтылығына нақты қауіп төндіретінін көрсетті деді. Араб азаматтары басқаратын бірде бір үкімет Иран президентінің мәлімдемесі жайында сипаттама жасаған жоқ.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG