Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Иран президентіне сөгіс айтты


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Израиль мемлекеті жойылу керек деген Иран президенті Махмұд Ақмеденижатқа сөгіс айтып, мәлімдеме жасады. Израиль бұған қанағат танытып отыр. Қауіпсіздік кеңесінің барлық 15 мүшесі мақұлдаған мәлімдеме БҰҰ-на қатысушы мемлекеттер басқа елге қарсы күш қолданамыз деп қорқыту айтудан аулақ болу керек деп көрсетті. Махмұд Ақмеденижат сәрсенбі күні Тегеранда өткен жиналыста Израиль мемлекеті әлем картасынан өшірілуі керек деп айтқан болатын. Кеше Тегеранда ондаған мың адам көшеге шығып, Иран президентінің сөзіне қолдау танытты. Жұрт Израиль мен қоса Америка Құрама Штаттары жойылсын деп ұрандатты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG