Accessibility links

Ирақ парламенттік сайлауында тіркеу аяқталды


Ирақта 15 желтоқсанға белгіленген парламенттік сайлауға түсетін үміткерлерді тіркеу науқаны аяқталды кеше. Сайлау комиссиясының төрағасы Хұсейн Хендави тіркеудің соңғы күнінде жұмыс аса көп болды деді, үміткерлер жайында егжей-тегжейлі мәліметті ашу әлі ерте деді. Билік басындағы шииттердің ислам партиялары сайлауға Біріккен Ирақ Альянсы деген одақпен шығып отыр. Үш жетекші сұннит партиясы да сайлау бірлестігін құрды. Күрдтердің негізгі екі ұйымы шиит бірлестігіне қосылып отыр.
XS
SM
MD
LG