Accessibility links

Сайлау алдындағы үгіт-насихат басталған 4 күннің ішінде оппозициядан үміткер Жармахан Тұяқбайдың бір миллион үнпарағы құрдым болды


Қазақстан президенттік сайлауына түсіп отырған бірігей оппозициялық үміткер Жармахан Тұяқбайды насихаттайтын 300 мың дана үнпарақ ұрланып кетті. "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысы жариялағандай, үгіт-насихат заттары Семей қаласына бара жатқан жүк көлігінен ұрланған. 300 мың дана үнпарақты белгісіз бір азамат өтірік айтып ұрлап кетті, ол өзін Жармахан Тұяқбайдың жергілікті өкілімін деп таныстырған деп хабарлады "Әділетті Қазақстан үшін" ұйымы. Мұның алдындағы оқиғада сәрсенбі күні дәл осы Жармахан Тұяқбайдың үгіт-насихат заттарын тиеген автокөлік Семейге кетіп бара жатқан жолда күмәнді жағдайда өртенген болатын. Онда 700 мың дана үнпарақ өртеніп кетті. Қазақстан билік өкілдері бұл оқиғалар жайында әзірге ешқандай сипаттама айтпай отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG