Accessibility links

Ирақта 2004 жылдан бастап 26 мың азамат қаза тапты


АҚШ қорғаныс министрлігі баяндама жариялап, Ирақта 2004 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 26 мыңдай Ирақ азаматы қаза тапты деген есебін ашты. Мұның ішінде бейбіт тұрғындар да есептелді, Ирақ қауіпсіздік мекемелерінің қызметкерлері де есептелді. Зерттеу АҚШ конгресі депутаттары көмекшілерінің сұрауы бойынша жасалды. Зерттеу бұлағы ретінде АҚШ басқарауындағы батыс бірлестігі жасақтарының күнделікті қақтығыстар мен шабуылдардағы адам шығыны жайындағы мәліметтері алынды. Дегенмен, АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Ирақ мемлекетінің адам шығыны жайында егжей-тегжейлі есеп жүргізбейміз деді.
XS
SM
MD
LG