Accessibility links

Германия неонацистері полициямен қақтығысты


Германияның Геттинген қаласында неонацистер шеру өткізіп, оларға қарсы демонстрацияға шыққан жұртпен және полициямен қақтығысты. Шамамен 60 адам аздаған жарақат алды. Олардың ішінде 14 полиция офицері бар. 40 шақты азамат қамауға алынды. Шеруге неонацистер партиясын қолдайтын үш жүздей адам шықса, оларға қарсы үш мыңдай адам бейбіт демонстрация өткізді. Екі қарсылас топтың қақтығысын болдырмауға төрт мыңдай полиция сақшысы әрекет жасады.
XS
SM
MD
LG