Accessibility links

Өткен бірнеше күн ішінде Ауғанстанда кем дегенде 23 адам қаза болған


Хост аймағында АҚШ-тың бір солдаты оққа ұшқан. Мазари-Шарифтің солтүстігінде бір Британия солдаты көз жұмған. АҚШ әскерилерінің айтуынша, Пактия аймағында, жұма күні жол шетіне мина көміп жатқан көтерілісшілердің біреуін өлтіріп, екеуін қолға түсірген. Урузган аймағындағы бейсенбідегі шайқастар барысында талибандық 13 өкіл және бір Ауған солдаты қаза болған екен.
XS
SM
MD
LG