Accessibility links

Бүгін Ирақта түрлі күш қолданулар жағдайында 6 адам қаза болған


Бағдаттың оңтүстігінде көтерілісшілер мұнай тасығыш жанына бомба қойып жатқанда, жарылыс болып, екі адам қаза болған. Ел өкіметі кеңесшілерінің бірі Ғалиб Абдул Мехди мінген көлікке жасалған шабуылдан оның өзі және жүргізушісі көз жұмған. Сондай-ақ екі құрылыс жұмыскері қаза болған. Самаррада жол шетіндегі бомбалық жарылыстан бір фермер мерт болған.

АҚШ Қорғаныс департаментінің жариялаған мәліметтеріне қарағанда, 2004-ші жылдың 1-ші қаңтарынан бері қарулы топтары бар, қарапайым азаматтары бар, барлығы 26 мыңдай ирақтық қаза болған екен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG