Accessibility links

Үнді полициясы бүгін Нью-Делиде қазанның 29-да болған үш бомбалық жарылысқа айыптыларды табуға айғақ іздеуде


Ол жарылыс барысында 61 адам қаза болып, 100-ден астамы жараланған болатын. Үндістан өкімет басшысы Манмохан Сиңх бұл оқиғалар үшін лаңкестерді айыптауда. Жарылыстар Хиндулардың Дивали және Мұсылмандардың Айт мерекелері қарсаңында жүзеге асырылып отыр. Сиңх мырза бұл жөнінде:

“Мен халыққа сабыр сақтап, қаңқу сөздерге құлақ аспауға, үрейленбеуге, осылайша өз мерекелерімізді өткізе беруімізге кеңес беремін. Өкімет күштері заң мен тәртіптің сақталуына және лаңкестік күштерді жеңуге барлық мүмкіндікті жұмылдыратын болады”, - деді.

Полиция зерттеушілері ел бойынша Төтенше жағдай жариялады. Күдікке ілінген 20 шақты адам ұсталды.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG